Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Жаппай саяси қуғын-сүргін
құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру
жұмыстары қанша уақыт өтсе де тоқталмауы тиіс. Сонымен қатар, ол еске түскенде
ғана атқаратын науқаншылдық жұмыс та болмауы керек. Ол жыл бойына тынымсыз
атқарылатын жұмыстар қатарында болуы керек. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
тиісті органдары осы бағытта жүйелі жұмыстар атқаруда. Солардың бірсыпырасына
тоқталып өтсек.
Сонау 30 - 40 жылдары басқа елдер
аумағында саяси сүргін құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының
тағдырлары қалай болды? Олар туралы біз не білеміз деген оймен бірқатар іс
жүзеге асырылды. Қазіргі таңда, оларға қатысты деректерді іздестіруді
ұйымдастыру мәселесі бойынша бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті ТМД елдерінің арнайы қызметтерімен ынтымақтастық
келісімдер жасаған болатын. Бұл іздестіру жұмыстарының географиялық таралу
шегін біраз кеңейте түсті. Аталған келісімдерде саяси қуғынға ұшырағандарға
қатысты мұрағаттарда сақтаулы деректер жөнінде ақпарат алмасуды жеңілдету
көзделген. Соңғы жылдары бұл мәселе төңірегінде ауқымды нәтижелерге қол
жеткіздік. Мысалы, біздің ресми сұрауларымыз бойынша Тәжікстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Белорусь, Украина, Армения елдерінің арнайы қызметтері
мұрағаттарынан Қазақстан Республикасының әр түрлі ұлт азаматтарына қатысты
қысқаша анықтамалық деректер тізімі алынды. Бұл дегеніміз - әр түрлі ақпарат
көздерінен алынған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға қатысты мұрағаттық
деректердің ғылыми-анықтамалық базасын сауатты жүйелендіріп, толықтыру
бағытында бірден-бір тиімді көмек болары сөзсіз. Бұл жөнінде алдағы уақытта
кеңірек айтатын боламыз.
Комитет құрылымында саяси зардап
шеккен тұлғаларға қатысты құжаттар мен ақпараттарды жедел іздестіру
шеңберіндегі жұмыстарды ұйымдастырудың аясын кеңейту мақсатында, арнайы
мемлекеттік мұрағат бөлімшелері құрылған. Аталған бөлімшелерде тек қана саяси
желеумен қуғын - сүргінге ұшыраған тұлғаларға қатысты мұрағаттық қылмыстық
істер сақталынған.
2002 жылдан бастап халықаралық
Интернет жүйесінде ҰҚК-нің веб-сайты (www.knb.kz) іске қосылды. Оған Қазақстан
Республикасы және алыс - жақын шет ел азаматтарынан ҰҚК құзырына кіретін
ақпараттарды алу бойынша өтініш-хаттар үнемі түсіп тұрады.
Қазақстан Республикасы ҰҚК өзінің
халықаралық келісім-шарттарының жоспарларында белгіленген іс-шараларды іске
асыруды бір сәтке де күн тәртібінен түсірген емес. Бұл ретте халықаралық
аспектілерге де тоқталып өткен жөн болар. Себебі, Қазақстан көп жылдар бойы
зорлықпен жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің мекеніне айналды. Туған жерінен
жат жерге келгендердің тіршілік кешуі, тағдырлары қалай болды? Сол бір қиын-
қыстау кезеңде бір үзім нанды бөліп берген қазақ еліне деген сүйіспеншіліктерін
олардың ұрпақтары бұл күндері де ұмытқан емес. Сары дала төсі олардың біреулері
үшін отырықшы мекенге айналса, біреулері үшін топырақ бұйырған жер болды.
Осындай әр түрлі тағдыр иелерінің өмірі терең зерттеуді талап ететін тарихи
дүние.
Атап айтар болсақ, 2001 жылдың
сәуір айында саяси қуғындалған латыш ұлты өкілдеріне қатысты қысқаша
өмірбаяндық мәліметтер мен мұрағаттық қылмыстық істерінің нөмірлері көрсетілген
тізім дайындалды. Бұл еңбек Қазақстан Президентінің Литваға ресми іс-сапары кезінде
осы ел Президентіне табыс етілді.
Сонымен бірге, Қазақстан жерінде саяси зардап шеккен өзге ұлт
өкілдеріне қатысты мәліметтер:
- 2000 жылы өткен ғасырдың 20-50
жылдары Қазақстан аумағында саяси қуғын - сүргінге ұшыраған молдаван ұлтының
барлығы 164 өкілінің тізімі Молдаван Республикасының арнайы қызметіне;
- Қазақстан Республикасы Сыртқы
істер министрлігі арқылы белорус азаматтарының тізімі Беларусь елшісіне;
- Ақмола облысы бойынша кәріс
азаматтарының тізімі Москва қаласындағы Андрей Сахаров атындағы «Мұражай және
қоғамдық орталығына»;
- саяси қуғын - сүргінге
ұшырағандарға қатысты мұрағаттық істерден қажетті құжаттардың көшірмесі
дайындалып, олар ақпараттар жиынтығы топтастырылған кітап шығару үшін Ресей
Федерациясы Пермь облыстық мемлекеттік мұрағатына;
- Югославияда туып-өскен 43
азаматқа қатысты анықтама деректер Белград қаласындағы қазіргі заман тарихы
институтына;
- 2006 жылы іздестіру кезінде
өткен ғасырдың 30 - 50 жылдарында саяси жәбірленген 560 өзбек азаматтарының
тізімі Өзбекстан Республикасы Халықаралық «Мерос» қайырымдылық қорына;
- ҰҚК Арнайы мемлекеттік мұрағаты
деректері бойынша дайындалған 1928 -1930 жылдары саяси зардап шеккен 263 өзбек
және қарақалпақ азаматтарының тізімі Қарақалпақстан Республикасы «Шохидлар
хотирасы» қорына;
- 1920-1950 жылдары аралығында
«Степлаг» арнайы лагерінде жазасын өтеген 5200 украиндық саяси тұтқындар тізімі
Украина Республикасы қауіпсіздік қызметіне жіберілді;
- Польша елшілігі өкілінің
өтініші бойынша ҰҚК Жамбыл облыстық департаменті қызметкерлерінің іздеу
жұмыстарының нәтижесінде Мерке ауданында саяси қуғынға ұшыраған Польша
азаматтарының жерленген жері табылды.
Сондай-ақ, латыш елі
Президентінің кеңесшісі Пантонийса Зунданың хатын орындауда 261 латыш азаматына
қатысты мұрағаттық қылмыстық істер бойынша қажетті құжаттар көшірмесі кітапша
етіп түптелді. Оларды 2004 жылы қыркүйек айында Латыш Президентіне оның
Қазақстанға ресми іс-сапары кезінде Елбасы табыс етті.
Елу жылда ел жаңа дегендей,
еліміз тәуелсіздік туын тігіп, жаңа ғасыр есігін тарих кеңістігіндегі рухани
құндылықтарымызды зерделеумен, сараптап салмақтаумен ашқанымыз - ұрпақ еншісіне
тиер үлкен іс. Осының бәрі ел ішіндегі демократиялық үдерістердің белең алып,
кешегі жаппай үрей туғызған заманнан алыстай түскенімізді дәлелдейтіндей.
Сонымен қатар, өз тарихымызды зерделеуде өткенге топырақ шашпай, бұл саладағы
біліктілігімізді ширата түсу, біз үшін төл стратегиямызды дамытуда маңызды іс
болмақ.