ЖИТС - 21 ғасыр дерті - Валеология - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

    Главная » Файлы » Реферат » Валеология

    ЖИТС - 21 ғасыр дерті


    Скачать работу



    25.12.2009, 19:02

    Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Түлкібас  ауданы  Т.Иманбеков  атындағы  орта  мектебінің  биология  пәнінің  мұғалімі  Ергебекова  А.А.

    Аудандық  семинар  сабақ. Тақырыбы:  «ЖИТС-21 ғасыр  дерті»  (пресс-конференция).

     

     

    І-бөлім

     

    Кіріспе.

    «Әрбір  жаманшылықтың  жағасында  тұрып,  адамның  адамдығын  бұзатын  жаманшылықтан  бойын  жинақтау, бұл  адамға  нұр  болады» деп  Абай атамыз  айтқандай бүгінгі  пресс-конференциямыздың  тақырыбын  «ЖИТС-21  ғасыр  дерті»  деп  алып  отырмыз. 

    Қазіргі  уақытта  көптеген  аурулардың  алдын  ала  егілетін  вакциналары  бар, емі  бар.  Ал  ЖИТС  ауруының  қауіптілігі – оның  емінің  табылмай  отырғанында.  Бұл  дүние  жүзінің  халқын  алаңдатып  отырған  ғаламдық  мәселе.  Сондықтан  әрбір  адам  осы  ауру  туралы  жан-жақты  білсе,  мұндай  дерттің  алдын  алуға  болады. 

    Мақсаты:  оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБА-дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру.

     

    ІІ-бөлім

     

    1 жүргізуші:  ЖИТС  (СПИД) – жүре  пайда  болатын  иммунитет тапшылығын  синдромы.  ЖИТС – ауру  емес,  ол  тек  басқа  жұқпалы  аурулардың  жұғуына  жағдай  жасайды.  Яғни  адамның  қорғаныш  қабілетін  төмендетеді. 

    2  жүргізуші:  Ғалымдардың  есептеуі бойынша  ЖИТС  (СПИД)  ең  алғаш  20  ғасырдың  70 жылдары  АҚШ, Гаити, Африкада  тіркелген,  1979-81 жылдары  Нью-Йорк  пен  Лос-Анжелес  дәрігерлері  адамдардан  иммунитеттің  нашарлығын  байқаған.  Олар  қан  тамырының  ісігі  (саркома  Капоши)  және  пневманияның  сирек  формасымен  ауыратын  адамдар.

    1 жүргізуші:  1982  жылы  ауруларды  бақылау  орталығы  жаңа  ауру  ЖИТС-ты  тіркеді.  1983  жылы  француз  Люком  Монтанье  мен  американдық  Роберт  Галло  ауру  қоздырғышы  туралы  алғашқы  мәлімет  айтты. 

    2 жүргізуші:  1981  жылы  Америкада  (Атланта) ауруды  бақылау  комитетінің  баяндауы  бойынша  гомосексуалистер  арасында  өкпе  қабынуынан  және сирек  болатын  жаңа түзінді  /денеде/ сияқты  бұрын  таралмаған  түсініксіз  аурулардың көбеюі үреймен  баяндалған.

    Осыдан  соң  олардың  иммунитеттері  әлсіреп, әртүрлі  қатты  аурулардың  себебінен  өлім  жиіленгені  туралы  мақалалар  жарық  көрді.  Бұл  ЖИТС  еді. 

    1  жүргізуші:  Бұл  аурудағы  иммундық  жүйені  толық  жоятындығынан  бұл  вирус  АИВ (адамның  иммунитет  тапшылық  вирусы)  деп  белгіленеді. 

    2  жүргізуші:  ЖИТС – бірте-бірте  дамитын,  кейде  5  жылға  созылып,  адамды  ақыры  өлімге  жеткізетін  кесел. 

    1 жүргізуші:  ЖИТС-пен  ауру-өлім  жазасына  кесілгенмен  бірдей.  Себебі дүние  жүзінде осы  уақытқа  дейін  әлі  оны  толық  жазатын  емжоқ.  Тек  қана  бірақ  жол-ол  сақтану, алдын алу.

    2  жүргізуші:  Есірткі  қабылдау да  өте  қауіпті.  Себебі  нашақорлар  пайдаланылған  шаншу  инелерін  бөліскенде  қауіпті  аурулар  жұғуы  мүмкін.  Мысалы  СПИД  пен  гепатит  осылай  тарайды. 

     

    Баяндама:  есіркті  туралы.

    1  жүргізуші:  Соңғы  жылдары  республикамызда  ЖИТС-ке  қарсы  арнайы  қызмет  жүйесі ұйымдастырылған.  Қазіргі  кезде  республикамызда  ЖИТС-тен  қорғану  жұмыстарынатқаратын  18  орталық,  64  зертхана  бар.  Олардың  жұмыс  бағыттары:

    1.  Вирус  жұқтырған  адамды  іздестіру.

    2.  Ауру  адамды  дәрілерлік  бақылауға  алып,  вирустың әрі  қарай  дамуына  жол  бермеу.

     

    Баяндама:  СПИД  туралы.

     

    ІІІ-бөлім

    1.     Нарколог  дәрігерге  сөз  /мини  лекция/.

    2.     Спидолог  дәрігерге  сөз  /мини  лекция/.

       

    ІV-бөлім

    Пікірталас.

    Сұрақтар:

    1.     Вирустың  жұғу  жолдары?

    2.     Вирусты  өлтіруге  бола  ма?

    3.     Аурудың алғашқы  белгілері?

    4.     Вирус  қандай  жағдайда  берілмейді?

    5.     Есірткіге  тәуелділік  дегеніміз  не?

    6.     Алдын  алу  жолдары  /СПИД-тен/?

    7.     Ол  біздің  елімізге  қауіпті  ме?

    8.     ОҚО-ғы  жағдай  туралы  не  айтар  едіңіз?

    9.     Түлкібас  ауданында  СПИД-пен  тіркелгендер  бар  ма?

    10. СПИД-пен  ауырғандарға  қандай  көмек  бересіздер?

     

    V-бөлім

    Диафильм  көрсетілімі /5-мин/

    (Наркомания  туралы).

     

    VI-бөлім.

    Көрініс.  «Круиз» ойыны.

    Бұл  ойынның  мақсаты ВИЧ-инфекциясының  таралуы  жылдамдығы  және  одан  сақтану  жолдарын  көрсету.  Ойыншыларға  №1.2.3.4.5.6.7.8  карточкілерін  және  бір  ойыншыға  резеңке  қолғап  үлестіру.

    Ойынның  шарты:  жыныстық  қатынас  қол  алысу  түрінде  көрсетіледі, резеңке  қолғап  мүше  қаптың  қызметін  атқарады.

    №1 ойыншы  ешкіммен  қол  алыспауы  керек.

    №2  ойыншы  №3  ойыншымен  қол  алысу.

    №3  ойыншы  №2 ойыншымен  қол  алысу.

    №4  ойыншы  тек  резеңке  қолғап  арқылы  қол  алысу.

    Сонымен  бір  топ  жолаушы  Жерорта  теңізіне  саяхатқа  шығады. Жол-жөнекей  Италиядан  2  жолаушы  мінеді. Келесі  аялдама  Грециядан  тағы  да  2  жолаушы  қосылды.  Саяхат  аяқталды  тосын  жаңалық. 

    №5  жолаушы  Вич-инфекциясын  жұқтырған  болып  шықты  және  №5  жолаушымен  қатынаста  болған  саяхатшылар  қауіпті  топқа  жатады.  Себебі  олар  ешқандай  сақтану  шараларын  пайдаланбады.

    №1 ойыншы  ешкіммен  қол  алыспады (яғни жыныстық  қатынаста  болмады),  сондықтан  дерттің  алдын  алды.

    №2  және  №3  ойыншылар  тек  бір-бірімен  қол  алысты.

    №4  ойыншы  резеңке  қолғап  (мүшеқап)  пайдаланғандықтан дерттің  алдын  ала  білді. 

    Ал  қалған  жолаушылар  сақтану  шараларын  пайдаланбаған  қауіпті  топқа  жатады. 

     

    VII-бөлім

    Сауалнама, тірек-сызбамен  жұмыс.

     

    VII-бөлім

    Қорытынды  бөлім.

    1 жүргізуші:  Жақсылық  көрсем  өзімнен, 

                            Жамандық  көрсем  көзімнен.

                            Тағдыр  қылды деулерді,

                            Шығарамын  сөзімнен. (С.Торайғыров).

    Қорыта  айтқанда  әр  оқушы аурудың  алдын  алу  үшін  ауырмай тұрып,  ауырмайтын  жол  іздеу керек.  Салауатты өмір  салтын  ұстану,  жеке  бастың  тазалығын  сақтау  арқылы айналасындағыларға  дерттің  алдын  алуға  мүмкіндік  жасайды. 

    2  жүргізуші:  21-ғасыр  даму  ғасыры. Адамға  денсаулық  1-ақ рет  беріледі.  Ол  өзінен-өзі  жақсармайды.  Оны  үнемі  күте  білу  керек.  Ол  үшін  оқушының  санасына  «денсаулық», «әдемілік»  ұғымдарын  сіңіре  білу  керек. 

     

    Бата.

    Көп  ішетін  қазақтан  сақта

    Ішкіш  деген  мазақтан  сақта

    Ішуден  болатын  апаттан  сақта

    Нашақорлықтың  тозағынан  сақта

     

    Арақтан  азбайық 

    Темекіден  тозбайық

    Есірткіден  аулақ болып

    СПИД-тен  сақтанайық

    Осы  бір  сұмдықты

    Баланың  баласына

    Құя  жүр  санасына

     

    Мұғалімнің  сөзі:  Ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол іздейік!».

        

    Скачать работу

    Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 18564 | Загрузок: 21 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016