Техникалық еңбек сабақтары - Валеология - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

    Главная » Файлы » Реферат » Валеология

    Техникалық еңбек сабақтары


    Скачать работу



    20.01.2010, 16:48
    Кіріспе.
    Мектептегі техникалық еңбек сабақтары
         ХХ ғасыр – ғылым  мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Ғылым мен техника небір шыңдарға жеткен сайын,  кәсіби салада әр түрлі техникалық мамандықтар пайда болып, қазіргі жастардың мамандық таңдау мүмкіндігі де кеңейіп барады. Бүгінгі білікті маман – жұмыскер өз саласындағы өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қоса жобалай білу, дұрыс шешім қабылдап, шығармашылық жұмыстарды да орындай алуы қажет. Себебі, ғылымның қарқынды дамуына және жаңа технологиялардың енуіне байланысты кез келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар үнемі өзгеріп отырады. Осыдан келіп әр адамға өмірде 2 – 3 мамандықтан игеру қажеттілігі туындайды. Ал мамандықты дұрыс таңдай білу, өз мүмкіндіктерін бағалай білуде  – мектепте берілген білімнің мәні зор. Егер бала техника жағына икемді болып келсе, ол міндетті түрде болашақта техника саласындағы мамандықты таңдайды.  Оған – мұғалімнің технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым-жабдықтардың жасалу әдістерін дұрыс түсіндіре алуы, сабақ барысында баланың шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білу арқылы баланың қол өнеріне деген қызығушылығын оята алуы       себеп болады. Қазақ халқы «Баланы жастан» деп айтқанындай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының «Оң саусағынан бал тамғандай» етіп тәрбиелеуде технология сабағының мәні зор.
         Осы курстық жұмысын жазудағы мақсатым – оқушыларға техникалық еңбек сабақтарының өмірдегі маңыздылығын түсіндіру,   онда орындалатын әр түрлі бұйымдардың жасалу әдістерімен таныстыру, шығармашылығын,  эстетикалық талғамын шыңдау, қандай  іс болсын гигиеналық және қауіпсіздік талаптардың орындалуын талап ететінін түсіндіру әдістерін іздестіру болып табылады.   Сонымен қатар, курстық жұмыста нақты сабақ жоспарының берілуі арқылы техникалық еңбек сабақтарын жүргізудің нақты әдіс-тәсілдері қарастырылған.
        Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу көбірек орын алады. Қағаз бен қатырма қағаздан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға болады. Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді.
        Оқушылар 1-сыныптан бастап қағаз бен басқа материалдарды дұрыс таңдауды үйренеді. Дайындайтын бұйымдардың құрылысы мен дайындау реті алдын ала мұқият қарастырылады. Содан соң мұғалім дайындаған үлгіні балалар өз жұмыстарына пайдаланады. Бірінші сыныптан бастап оқушылар күрделі емес сызба белгілерін оқуға, оларды белгілей білуге және ойлаған бұйымдардың сызбасын сыза білуге үйренеді.
         Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі. Мәселен, жазуға пайдаланылатын қағаздың төрт түрі бар: №1, №2, №3 және №0. Бұлардың ең жақсысы – нөлдік қағаз. Сурет салуға арналған қағаз жазу қағаздарына қарағанда қалың, кедір-бұдырлау болса, жазуға пайдаланылатын қағаз да қалыңдау болғанымен, беті тегіс келеді. Осы қағаздан сынып оқушылардың сурет салуына арналған дәптер дайындалады. Жұқа қағаз (калька) тығыз және беріктеу болады. Олар бірнеше дана етіп машинкада басу үшін де қолданылады.
          Әшекейлеу жұмыстарында қолданылатын түсті қағаздар жұқа және оның бір беті жылтыр болуы мүмкін. Егер жұқа қағаздың екі беті түрлі түске боялып, беттері кедір-бұдыр болып келсе, оларды шегірен қағаз деп атайды.
    Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың әрі  тығыз материал. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабаннан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады. Қатырма қағаз өзінің беріктігі мен қалыңдығына қарай желімделсе, ол иіліп қалады. Сондықтан қатырма қағаздың екі бетіне де қағаз желімдейді. Қатырма қағаз отқа тез жанбайды.
         Балаларға қағаздың шығу тарихы  және қағаз жасайтын машина жайлы  түсінік берілуі тиіс. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өндірісі дамыды. Қағаз жасайтын машина жетілдіріліп, өндіріс өнімділігі арттырылды. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады. Қағазды басқа материалдармен ауыстаруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар.
         Қағаз бен қатырма қағаз жасауға керекті негізгі шикізат әр түрлі ағаш целлюлозаларынан, ағаш ұнтақтарынан және қалдық қағаздардан алынады. Шамалы мөлшерде болса да, қағаз жасау үшін дәнді дақылдар сабағы, ескі шүберек, тігін фабрикасының қалдықтары қолданылады. Қағаз бен қатырма қағаздың кейбір түрлерін жасау үшін шыны талшықтары, асбесті, слюда және жасанды талшықтар пайдаланады. Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
         Қағаз бен қатырма қағазды бір-бірінен қалыңдығына қарай ажыратады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болса, оны қағаз деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болса, қатырма қағаз дейді.
         Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
        Сонымен бірге, аз да болса, бағдарламада сазбалшықпен, табиғи материалдармен, ермек сазбен, түрлі түсті қағаздармен жасалатын жұмыс түрлері де ұсынылған.  Әрине, кез-келген бұйымды жасау үшін оқушылардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке алу принципі бірінші орында тұрады. Мысалы, сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау  ұсынылған.  Ал сазбалшық және ермексазбен жұмыс істеу барысында мүсіндеу жұмыстары іске асады. Кез-келген нәрсені мүсіндеуге болады, ал бағдарлама бойынша жеміс-жидек, көкөністерді, жан-жануарларды, аң-құстарды, түрлі көлемдегі моншақтарды  мүсіндеу қарастырылған. 
         Жоғарыда атап өткендей бағдарламаның жартысынан көп бөлігі қағаз, қатырма қағаз, түрлі түсті қағазбен жасалатын жұмыс түрлерімен қамтылған. Оқушыларға қарапайым нәрселерден күрделі заттарды жасау ұсынылған. Мысалы, қағаз тілшелерінен шынжыр немесе гүл дайындау. Қағазбен жасалатын жұмыстың ең қарапайым түрі. Түрлі түсті қағаздан тілшелерді қиып алып, екі ұштарын желімдеу керек. Осылайша біріне бірі кіргізіліп желімделген тілшелерден шынжыр шығады. Одан да басқа көптеген бұйымдарды оқушылардың фантазиясына қарай ұсынуға болады. Мысалы, түрлі түсті қағаздан машина жасайтын сабақта бір түрлі  машина жасау шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына байланысты машина  жасату - өте тиімді. Себебі, қазіргі заманда машиналардың алуан түрі шығып жатыр. Мұндай ұсыныс алған оқушылар өздеріне ұнаған машинаның моделін жасауға кіріседі. Оқушылардың  идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа қызыға жұмылады.  Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып бір болғанымен, сыныпта қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске асады. Мұғалімнің міндеті - әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп отыру.
        Техикалық еңбек сабақтарына жасалған бағдарлама кез-келген бағдарлама сияқты жүйелілік принципінін негізінде балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып құрылған. Бағдарламада оңайдан күрделіге қарай өсу принципі де басым. 
    Скачать работу

    Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 19088 | Загрузок: 14 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016