Create site free
Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану... - Валеология - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости
Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 10662
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 9
Пользователей: 0
Друзья сайта

Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

Главная » Файлы » Реферат » Валеология

Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану...
Скачать 15.11.2009, 01:24


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.  Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әліде болса қиыншылықты жеңе алмай тұр [Баймуратов,  1990; Бобылев, Ходжаев, 1997; Досманбетов и др., 1998; Шарипова и др., 2000].

20-шы ғасырдың соңында Қызылорда облысының территориясына экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жүргізілген мониторинг аймақтағы топырақ, су, өсімдік өнімдерінде және       жануарлардың ұлпаларында токсиканттардың, ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, гербицидтердің, симметриясыз диметил гидразин және т.б. шекті рауалы концентрациядан айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті [Баевский, 1991; Курманбаев, 2001]. Облыс бойынша адам мен жануарлардың организмдеріне ортаның экстремалды факторларының әсерінің айқындалу деңгейі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта жоғарылайтыны көрсетілген [Колбай, Ибадуллаева, 2001; Бахтиярова и др., 2005]. Қазіргі кезде Қызылорда облысының қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремалды факторларды атауға болады:

1) климаттың құрғауы және судың аздығы;

2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;

3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;

4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.

Бірақ, Арал өңірінің топырақ жамылғысының және әр түрлі су көздеріндегі судың химиялық құрамына, оның ішінде ауыр металл иондарының мөлшеріне соңғы жылдары жылдық, маусымдық мониторинг жүргізілмеген.

Осындай жағдайдағы экологиялық дағдарыс аймағында тұратын адамдардың бірқатар органдары мен жүйелерінде патологиялық өзгерістерге дейін дамитын  функционалдық жағдайдың өзгерістері болатындығы айқындалды. Қызылорда облысында тұратын тұрғындардың қан аурулары және қанжасау органдарының аурулары орташа республикалық көрсеткіш бойынша 3,5 есе жоғары, 90%  әйелдер анемиямен зардап шегуде [Пальгова,  1993].  Организмді гомеостазбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын кардио-респираторлы жүйесі бойынша [Жумабекова, 1994; Ибадуллаева и др., 2002], қан жүйесі бойынша [Омарова и др., 1994; Колбай, Ибадуллаева, 2006], иммундық жүйе бойынша [Белозеров и др., 1992; Ибадуллаева, 2006], репродукті жүйе бойынша [Жандаулетова., Сейтмамбетова, 2000; Жандаулетова, Колбай, 2002] өзгерістер бар екені нақтыланды. Сонымен қатар, Арал өңірі тұрғындарының қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшерінің жағдайы  және маусымдық өзгерістері соңғы жылдары зерттелмеген. Арал өңірінің экологиялық жағдайымен байланысты әр түрлі аймақ тұрғындарының тиреоидты статусы мен судағы, топырақтағы ауыр металдармен байланысының ара қатынасы зерттелмеген.

Экологиялық жүктемесі әр түрлі аудан тұрғындарының тиреоидты статусы мен ауыр металдардың суда, топырақта шоғырлануының байланысы зерттелмей келген. Сондықтанда жоғарыда айтылғандар ғылыми зерттеу жұмысының бастамасы болды.

         Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.  Жұмыстың мақсаты Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақ пен судың ластану деңгейі мен осы аймақтарда тұратын  тұрғындардың гипофизарлы-тиреоидты жүйесінің жағдайымен  қарым-қатынасына маусымдық  және 5 жыл бойына (2002-2006 жылдар) мониторинг жүргізу.

Жұмыстың мақсатына жету үшін қойылған міндеттер:

        Арал өңірінің топырақ құрамындағы ауыр металл иондарының (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий) мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;

        Арал өңірінің әр түрлі су көздеріндегі металл иондарының (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий) мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;

        Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын тұрғындардың қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшеріне 5 жыл бойына және маусымдық мониторинг жүргізу;

        Арал өңірінің әр түрлі аймақ тұрғындарының тиреоидты статусының судағы, топырақтағы ауыр металдар мөлшерімен корреляциялық қарым-қатынасын айқындау.

         Зерттеудің ғылыми жаңалығы.  Қызылорда облысының әр түрлі аймақтары бойынша топырақ пен су көздеріндегі ауыр металл иондарының мөлшеріне ең алғаш рет 5 жыл бойына (2002-2006 жылдар) мониторинг жүргізілді және қорғасын, мыс, кадмий, темір иондарының шекті рауалы концентрациядан жоғары болғаны анықталды. Қызылорда облысының оңтүстік аймақтан солтүстік аймаққа қарай бағыты бойынша топырақ пен суда аммоний, нитрат, нитрит, сульфат, хлорид және ауыр металл иондарының мөлшері жоғары болғаны айқындалды.

         Арал өңірінің солтүстік, Қызылорда қаласы, оңтүстік аймақтарында тұратын ер адамдар мен әйелдердің қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшерінің төмендегені 2002-2006 жылдар аралығында жүргізілген мониторинг арқылы анықталды. Сонымен қатар, Арал теңізіне жақын орналасқан солтүстік аймақта тұратын адамдардың тиреоидты жүйесінің белсенділігінің төмендегені айқындалды.

         Қызылорда облысы суы мен топырақтың химиялық құрамымен бұл аймақ тұрғындарының гипофизарлы-тиреоидты жүйенің белсенділігінің маусымдық өзгерісі орнатылды.

         Арал өңірінде гипотиреоздың даму деңгейімен қатар топырақ пен судың ластануының арасында оң корреляция  айқындалды: неғұрлым ауыр металл иондарының мөлшері жоғары болса, соғұрлым тиреоидты гормондардың концентрациясы төмен болды.

Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні.  Алынған мәліметтер Қызылорда облысы бойынша су көздері мен топырақтың ластану жағдайына салыстырмалы баға беруде және Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын тұрғындардың гипофизарлы-тиреоидты жүйесіне экологиялық жағымсыз Арал өңірінің аймақтық экстремалды факторларының әсер ету деңгейін анықтауда мүмкіндік тудырады. Алынған мәліметтерді аймақта экологиялық жағымды тәсілдерді қалыптастыруда және тұрғындарда кездесетін аурулар деңгейін төмендетуде қолдана алады.

         Алынған мәліметтер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультетінің «Биология», «Экология», «Химия» мамандықтарының студенттеріне, Қызылорда Гуманитарлық университетінің «Экология» мамандығының студенттеріне, Қызылорда «Болашақ» университетінің «Экология» мамандығының студенттеріне және Қызылорда медициналық колледж студенттеріне оқылатын лекциялық курстарға енгізілді.  Басқада оқу орындарының биологиялық, медициналық және ветеринарлық бағытына қолдануға болады.

         Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

        Қызылорда облысында топырақтың және судың ластану деңгейі оңтүстіктен-солтүстік бағыты бойынша артады және ол Сырдария өзенімен поллютанттардың тасымалдануы мен теңіздің кепкен табанынан шығарылуымен қатар жүретіні анықталды.

        Арал өңірінің тұрғындарының қан құрамындағы тиреоидты гормондар мөлшерінің өзгерісінің деңгейі 2004 жылдың маусымдарында кездеседі және ол осы аймақтағы топырақ пен судың ластану деңгейімен байланысты.

        2002-2006 жылдар аралығында гипофизарлы-тиреоидты жүйенің белсенділігі қалыпты деңгейден төмен болды, ол практикалық өзгеріссіз «қалыпты» деп қабылданды, бұл осы аймақ бойынша организмге жағымсыз әсер ететін экстремалды факторлардың жалғасуын айғақтайды.

Жұмыстың сыннан өтуі және жарық көруі. Жұмыстың негізгі мазмұны мен қорытындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп, конференцияларда баяндалды.

Олар: ХХХV Халықаралық физиологиялық бірлестік конгресінде (Сан Диего, 2005); ҚР БҒМ ҒК БЗО Адам және жануарлар физиологиясы институтының 60 жылдығына арналған «Салауатты өмір салтының физиологиялық негіздері» - атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2005); «Ветеринарная наука и практика-праизводству» - атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция (Семипалатинск, 2004) материалдарының жинағында баяндама ретінде жарияланды.

Жұмыстың нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «биология, география және экология» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде (Қызылорда, 2008) және ҚР БҒМ ҒК БЗО Микробиология және вирусология институтының «Экология» секциясы  мәжілісінің семинарында (Алматы, 2008) талқыланды.

Ұсынылған жұмыстың басқада ҒЗЖ және әр түрлі мемлекеттік, халықаралық бағдарламалармен байланысы.  Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік ҒЗЖ мақсатты бағдарлама шегінде орындалды (шифр 03.005, мемлекеттік тіркеу куәлігі №623 15.05.99 берілген).

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация материалдары 105 бет көлемінде ұсынылды. Диссертациялық жұмыс: кіріспеден, 5 тараудан, алынған нәтижелерді талқылаудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады, оның ішінде  отандық және шет ел авторларының әдебиеттерін қосқанда жалпы саны 180.   Жұмыста 31 сурет және 4 кесте көрсетілген.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша 4 мақала және 3 тезис жарияланды.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Зерттеудің негізгі бағыттары

Экологиялық дағдарыс аймағында организмге жағымсыз әсер ететін негізгі фактор су, топырақ құрамында көп мөлшерде кездесетін токсиканттар. Олар адам мен жануарлар организмдеріне тамақ арқылы, ауа арқылы, шаң арқылы түсіп отырады.  Соңғы жылдары организмге токсиканттардың әсер етуі, мысалы мышьяк, кадмий, қорғасын, никель, сынап денсаулық және қоршаған ортаны қорғауда ең басты мәселе ретінде қарастырылады, өйткені бұл элементтердің көп мөлшері қоршаған ортаға келіп түсуде. Сонымен қатар, адам организмінде гомеостазды реттеуші қалқанша безінің жағдайы және Қызылорда облысының аймақтары бойынша топырақ пен судың ластану дәрежесі туралы мәліметтер жоқ есебінде, осы себептен қалқанша безі мен топырақ пен судың ластануы арасындағы қарым қатынасына зерттеу жұмыстары жүргізілді.

2  Зерттеу әдістері мен құралдары

Алдымызға қойылған мәселені шешу үшін 2002-2006 жж. Қызылорда облысының әр түрлі су көздері мен топырақтың экологиялық жағдайына жыл сайын тексерулер мен мониторинг жүргізілді. Алынған мәліметтер Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын жергілікті 77 тұрғынның қан сарысуындағы тиреоидты гормондардың құрамы салыстырылып тексерілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде «Арал өңірі халқының әл-аухатын түбегейлі өзгерту шаралары жөніндегі» ережесіне (18.01.1992 ж) негізделген, аудандастыруға сәйкес барлық тексерілгендер үш топқа бөлінді. Көрнекілік түрінде 1 суретте Қызылорда облысын аймақтарға бөліп көрсетілген кесте берілген.


Категория: Валеология | Добавил: AgesSa
Просмотров: 4599 | Загрузок: 25 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск

Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2012

Создать сайт бесплатно