Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы - Тарих - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

    Главная » Файлы » Реферат » Тарих

    Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы


    Скачать работу



    26.12.2009, 13:56

    ҮСТІРТ  КЕРУЕН  ЖОЛЫНДАҒЫ  САМ  ҚАЛАСЫ

     

    Ш. Б. Әзірханов 

    Бейнеу  лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы

     

         Жамағат, біздің тарих-алтын шынжыр,

                                                                            Әр жерден жиі үзіліп-көп жалғанған.

             Есенғали Раушанов

     

    Тарихтың атасы атанған Геродот бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi мыңжылдықтың орта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы савроматтар жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған «далалық сақ жолының» болғанын айтады. Ал заманымыздың кемеңгер жазушысы Әбiш аға Кекiлбаев «Шығыс пен Батыс арасындағы ең ежелгi жол-Памирге соқпай, терiстiктен орағытып өтетiн дала жолы. Оңтүстiк орыс далаларын Орталық Азиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда «Скиф жолы» деп аталыпты. Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырдағы Қара теңiз жағалауындағы грек колонияларынан шығып, Батыс Сiбiр, Алтай, Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолының бойымен барып қайтқан», - деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары «екi мың жыл бойы жұртқа терiстiктегi Ұлы Жiбек жолы ретiнде белгiлi болды»,- дейдi Иманғали Тасмағанбетов  пен Зейнолла Самашов.

    Ұлы Жiбек жолымен бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 103 жылы қытай императоры У Дидiң тапсырмасы бойынша тұңғыш рет жүрiп өткен Чжан Цянь есiмдi қытай дипломаты екен. Осы сапардан соң византиялықтар валюта есебінде пайдаланған, алтынмен қатар бағаланатын қытай жібегін Батыс Европаға, Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары мен Вавилон кілемдерін Қытайға тасыған керуендер ағыла бастайды. Батыс өркениетi мен Шығыс мәдениетiнiң арасындағы күретамыр болған бұл жолға өзiнiң 1877 жылы жарық көрген «Қытай» атты кiтабында «Ұлы Жiбек жолы» деген географиялық атау берiп, тарихта қалдырған қытайдың физикалық географиясы мен Азияның жер бедерiн зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты немiс географ-ғалымы көрiнедi. Ұлы Жiбек жолының негiзгi арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттерi туралы алғашқы толық деректi 846-847 жылдары арабтың мемлекеттiк байланыс қызметкерi Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах ибн Хордадбех «Жолдар мен мемлекеттер туралы кiтап» атты әкiмшiлiк-географиялық анықтама еңбегiнде жазыпты. Ал Х ғасырда өмiр сүрген араб географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Басри өзiнiң «Харадж және хатшылық өнер жайлы кiтап» деген ресми құжаттар мол пайдаланылған шығармасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары мен географиялық объектiлерге нақты сипаттама берiптi. XIV ғасырдың отызыншы жылдарында бұл өңiрге аяқ басқан, араб Марко Полосы атанған белгiлi саяхатшы, табиғат пен адам жанының аса бiлгiрi Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкенi мекендейтiн халықтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетi жайында өте бағалы деректер қалдырған дейдi ғалымдар.

    Батыс пен Шығысты жалғастырған әйгiлi керуен жолының «Ноғай жолы» атанған бiр тармағы кезiнде бiздiң Бейнеу өңiрi арқылы өтiптi. Н.Ибрагимов жазбаларына қарағанда Ибн Батутта Хорезмге осы жолмен барғанға ұқсайды. «Сарайшық қаласынан Хиуаға дейiн Арал мен Каспий теңiздерiн бөлiп тұрған мойнақ арқылы өтетiн бiрнеше жол бар, соның iшiнде ең жақсысы – «Ноғай жолы», - деп жазcа орыс география қоғамының негiзiн қалаушылардың бiрi А.Левшин, белгiлi кеңес археологы С.Толстов бұл жолды «Едiлге баратын үлкен патша жолы» деп атаған. Ал отырарлық тарихшы Әл-Жаухари: «Жiбек жолының үлкен тармағы ең әуелi Киев Русiнен, Бұлғар жерiнен өтiп, Үстiрт үстiмен Аралды айналып, Жент қаласына жетедi. Жентке жеткенше сауда керуенi құс қанаты талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтедi, арып-ашып әбден әлсiрейдi»,- деген дерек қалдырыпты. Жент Х-ХII ғасырларда Сырдарияның Аралға құяр сағасына жақын маңда болған қала, орны Қызылордадан  115 шақырым жерде делiнедi.

    Талай жыл түйе табанымен тапталған, кей жерлерде ені он, тереңдігі жарты метрден асатын бұл керуен жолы Үргеніштен шығып Үстіртке көтеріліп, Үшқұдық, Әжігелді, Қосбұлақ, Білеулі, Шұрық, Құсшы арқылы Сам құмын кесіп өтіп, Белдеулі, Қақпақты арқылы Есеттегі Қосқұдықтан ойға құлап Ұшқанға соғып, Бақашы әулие маңынан Жем өзенінен, Таскешу арқылы Сағыз өзенінен өтіп Сарайшыққа жетіп, әрі қарай орыс жеріне ілігеді. Ғалымдар ескі сүрлеуі әлі күнге дейін сақталған бұл жолдың Сарайшықтан Қос құдыққа дейінгі жерін солтүстік бөлік, Қос құдықтан Қоңыратқа дейінгі аралығын оңтүстік бөлік деп атайды.


    Скачать работу

    Категория: Тарих | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 3099 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016