Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар) - Тарих - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

    Главная » Файлы » Реферат » Тарих

    Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)


    Скачать работу



    16.11.2009, 01:41
    К І Р І С П Е
    Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ еліні
    ң жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
    Тарихи демография саласындағы
    өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
    К
    өші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
    Мғселенің зерттелу деңгейі. Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл ж
    өнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов [1] сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды [2]. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
    Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен елімізді
    ң ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов [3] сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
    1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру ғдістері негізделді.
    Қазақстанда көші-қонның тарихи мғнін, оның халықтың ғлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген ғсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды, ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына ғсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі к
    өрсетілді [4]. Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
    1980 жж. аяқ кезінен бастап қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси фактордың ғсерлері талдана бастады. Ғсіресе, М.Қ. Қозыбаевтың, Ж.Б. Абылхожиннің еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1940 жж. тоталитарлық жүйенің экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы ғлеуметтік-демографиялық нғтижелері анықталды. Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жасы мен жыныстық құрамы, білім деңгейі, мамандық түрлері мғселелерін қарастырған екі томнан тұратын еңбек жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жғне 1938-1960 жылдарды қамтыды. Ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуына, сананың өсуіне, ұлттық, жыныстық құрамына, даярлау жолдарына арналған Х.М. Ғбжановтың зерттеуі шықты [5].
    Қазақстанның ке
    ңестік дәуірдегі ғлеуметтік демографиялық дамуы М.Х. Асылбеков пен Ғ.Б. Ғалиевтің арнайы монографиясында біртұтас жғне сан-салалы процесс ретінде алғашқы рет жан-жақты қарастырылды, бұл процестің болашақтағы дамуына ғылыми тұжырымдамалық болжамдар жасалды [6].
    1990 ж. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен ғлеуметтік құрамы жөнінде құнды мғліметтер берілді [7].
    А.Н. Алексеенконың, Н.З. Тғкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген [8].
    С. Айымбетовті
    ң кандидаттық диссертациясында Қазақстан халқының 1926-1939 жж. аралығындағы демографиялық жағдайы баяндалса, Л.Т. Қожекееваның диссертациясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы және демографиялық өзгерістерін зерттеді.
    Кеңестік тоталитарлық жүйенің мғні мен оның Қазақстандағы демографиялық процестерге әсері М.Қ. Қозыбаев пен Қ.С. Алдажұманов еңбектерінде ашылды [9].
    Тарихи демография саласында аймақтар бойынша да зерттеу жұмыстары жарық к
    өрді. Батыс Қазақстан халқының екі ғасырлық тарихи дамуы М.Н. Сдықовтың монографиясында, Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматқа толы А.Н. Алексеенконың еңбегінде табиғи өсімге өлім-жітім көрсеткішінің әсері мен денсаулық сақтау мғселелері талданды. Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына В.В. Козинаның еңбектері арналды. Жетісу өлкесі бойынша докторлық диссертацияны М.К. Төлекова қорғаған еді. Тарихи демография саласында Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша кандидаттық диссертациялар да қорғалды. Атап айтсақ, О.Д. Табылдиева – Маңғыстау, ал А.А. Какенова Солтүстік Қазақстан аймағы халқының демографиялық дамуын зерттеді [10].
    Кеңестік тоталитарлық кезеңде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, шетелдік зерттеулерде ғана қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада К.Л. Есмағамбетов, Г.М. Меңдіқұлова монографияларында зерттелді. Сонымен қатар, қазақ ириденттері тарихы А.В. Коновалованы
    ң [11] тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданды.
    Қазақстанда 1939-1959 жылдардың аралығында болған халықтың ғлеуметтік жғне ұлттық құрамындағы өзгерістер саны, орналасуы, өсіп-өну ерекшеліктері және көші-қон процестерінің ұлттық құрамға тигізген ғсері А.И. Құдайбергенованы
    ң кандидаттық диссертациясында талданды [12].
    Тарихи демография саласындағы жетістіктерді тарихнамалық талдауға С.И. Ковальскаяның, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың е
    ңбектері арналған. С.И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ жғне ХІХ ғасырдағы көші-қон мғселесі қамтылып, ХХ ғасыр мғселесі толық жазылмаған. Ал, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мғселерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бө
    лген. Сондай-ақ, Б.Р. Найманбаевтың кандидадттық диссертациясында 1970-1989 жж. аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылғандардың азаюы мен олардың кері көшуі жайында, сонымен қатар, олардың құқықтық жағдайы қарастырылған [13].

    Скачать работу

    Категория: Тарих | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 4588 | Загрузок: 20 | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016