Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ фонетикалық тұрғыдан талдау
20.01.2010, 16:55
Оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеген:
Жұмашева Гүлжан Кенжеғалиқызы - филология ғылымдарының кандидаты;
Ташмағанбетова Әсем Жәлелқызы – тілдер және әдебиет кафедрасының оқытушысы;
Рецензия тілдер және әдебиет кафедрасы әдістемелік кеңесі мүшелерінің қатысуымен жазылды.
Тілдер және әдебиет кафедрасының мәжілісінде бекітілді, хаттама №............., .......................................... 2006 жыл.
ҚазҰМА-ның Оқу әдістемелік кеңесінде бекітілді, хаттама №........, .............................. 2006 жыл.
І. Кіріспе
Пәнге сипаттама. Музыкалық ЖОО-да музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту –тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде бір-біріне ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, сөйлеу мен жазудың арақатынасы (орфография, орфоэпия) т.б. дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелерді музыкалық-теориялық тұрғыда оқытатын пән. «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні әсіресе вокалдық-хор факультеттерінде ән айту барысында дыбыстық заңдылықтарды сақтауда оқытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында дыбыстарды қарастырудың үш аспектісі (көзқарас, түр, сипат) ретіндегі ерекшелігі, вокалдық-хор технологиясының мәселелері қозғалып, хордың үндік элементтері бойынша жұмыс жасау туралы ұсыныстар беріледі. Бакалавриаттың «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні мына пәндер негізінде және тығыз байланыста оқытылады: «Жеке ән салу әдістемесінің негіздері», «Музыкалық шығармаларды талдау».
Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиттер): Жоғары буындағы «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» курсы вокалдық-хор факультеттерінде арнайы кәсіби пәндер негізінде тереңдетіліп оқытылады.
Оқу пәнінің мақсаты: Бұл жаңа пәннің мақсаты – қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін, тілде болып жататын түрлі дыбыстық өзгерістер мен заңдылықтарын (акустикалық, физиологиялық, артикуляциялық, лингвистикалық) музыкалық шығармаларды орындау кезінде ғылыми-теориялық және практикалық қырынан игеруге машықтандыру.
Оқу пәнінің негізгі міндеттері келесі білімдерді қалыптастырады: дыбыс жүйесі туралы түсінік; дикция, орфоэпия, орфография туралы жалпы түсінік; үндестік заңын; дыбысқа тән аспектілерді игеруді: анатомия – физиологиялық аспект; акустикалық (физикалық) аспект; лингивистикалық аспект; дыбыстардың алмасуларын, ерекшеліктерін: А-Ә дыбыстарының ерекшеліктері; Ы-І дыбыстарының ерекшеліктері, дауыссыз дыбыстармен байланысы; Н-Ң дыбыстарының ерекшеліктері; М дауыссызының біріккен сөздердегі ерекшелігі; Қ-Ғ, К-Г дыбыстарының жасалу жолдары, тәуелдік жалғаумен байланысы; Ұ-Ү-У дыбыстарының ерекшеліктері; О-Ө дыбыстарының ерекшеліктері; П-Б дауыссыздарының сөз бен қосымша арасындағы заңдылықтары; П дыбысына аяқталатын сөздерге У дыбысының жалғану заңдылықтары;
II Әдістемелік ұсыныстар «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні екі бағытта оқытылады:
а) теориялық оқу (дәрістер) ә) тәжірибелік игеру (семинарлар)
Теориялық оқу (дәрістер) Дәріс курсының мазмұны қазақ тілі табиғатында кездесетін үндестік заңдарына, дауысты, дауыссыз дыбыстарының айтылуы мен жазылудағы айырмашылықтарына, соның ішінде қазақ тіліндегі төл дыбыстарына фонетикалық түсініктеме берумен, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтауда нақты музыкалық шығармалар арқылы оқытумен шектеледі. Атап айтқанда: дыбыс жүйесі туралы түсінік; дикция, орфоэпия туралы жалпы түсінік ән айту барысындағы орфоэпия туралы ережелерін; үндестік заңын; дыбысқа тән аспектілерді игеруді: анатомия – физиологиялық аспект; акустикалық (физикалық) аспект; лингивистикалық аспект; дыбыстардың алмасуларын, ерекшеліктерін: А-Ә дыбыстарының ерекшеліктері; Ы-І дыбыстарының ерекшеліктері, дауыссыз дыбыстармен байланысы; Н-Ң дыбыстарының ерекшеліктері; М дауыссызының біріккен сөздердегі ерекшелігі; Қ-Ғ, К-Г дыбыстарының жасалу жолдары, тәуелдік жалғаумен байланысы; Ұ-Ү-У дыбыстарының ерекшеліктері; О-Ө дыбыстарының ерекшеліктері; П-Б дауыссыздарының сөз бен қосымша арасындағы заңдылықтары; П дыбысына аяқталатын сөздерге У дыбысының жалғану заңдылықтары;
Тәжірибелік сабақтар (семинарлар) Семинар сабақтарында тақырып бойынша жауаптары мен ұсынылған әдебиеттерді оқыту негізінде дәрістік материал бойынша білімдері бекітіледі.
Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) ОСӨЖ аудиториялық сабақ түрі болып табылады және студенттерге пәннің оқу бағдарламасын дифференциялық түрде игеруге мүмкіншілік береді. ОСӨЖ мақсаты – студенттің білімін түзету және тереңдете оқыту, кәсіби көзқарасын кеңейту, өзіндік зерттеу жұмыстары дағдысын дамыту.
ОСӨЖ нысандары:
Композиторлар туындыларын (шығармаларын) фонетикалық тұрғыдан талдау:
Л.Хамиди «Жайдарман» А.Жұбанов «Қарлығаш», өңд. А.Молодов М.Маңғытаев «Таң» М.Маңғытаев «Жайлауда» Б.Байқадамов «Су тасушы қыз» Б.Байқадамов «Би-күй» М.Сағатов «Биылғы май» М.Сағатов «Тойбастар» Ев.Брусиливский «Шолпан», өңд. А.Молодов Ақан сері «Қараторғай», өңд. Д.Мацуцин Абай «Сегіз аяқ», өңд. Қ.Қожамияров Абай «Мен көрдім ұзын қайын құлағанын», өңд. Ғ.Жұбанова Қазақ халық әні «Елім-ай», өңд. Ғ.Жұбанова Қазақ халық әні «Шилі өзен», өңд. М.Сағатов Ғ.Жұбанова «Жалғыз емен» Абай «Көзімнің қарасы», өңд. Вл.Соколов Абай «Айттым сәлем, Қаламқас», өңд. Д.Мацуцин Абай «Желсіз түнде жарық ай» Ә.Бозанов «Жәмилә қарындас» Ш.Қалдаяқов «Арыс жағасында», өңд. А.Молодов Л.Хамиди «Қайран шешем» Ғ.Жұбанова «Дауыл» Қазақ халық әні «Наз қоңыр», өңд. Жұмабекова М.Сағатов «Домбыраға қол соқпа» Л.Хамиди «Жарқын жаз» Абай «Қыс», өңд. С.Мұхамеджанов Қазақ халық әні «Япурай», өңд. М.Төлебаев
жаттығулар жұмысы; жазбаша реферат;
Жазбаша рефератқа қойылатын талаптар Жазбаша реферат пәнді теориялық және практикалық тұрғыда игерудің қорытындысы болып табылады. «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні бойынша рефераттың ерекшелігі дыбыстар жүйесін (фонетикалық заңдылықтарды) музыкалық шығармалар арқылы жазба түрінде жан-жақты талдау. Ол үшін мамандықтан сабақ беретін оқытушымен келісіп, тақырып таңдап алынады. Жұмыс мөлшері талданатын тақырыптың көлемі мен күрделігіне, сонымен қатар терең мағыналығына байланысты анықталады.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) Студенттердің аудиториядан тыс жұмыс істеу нысаны. «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы арнаулы әдістемелік әдебиетті оқуға, фонетика саласына тән заңдылықтарын игеруге және бекітуге бағытталған. СӨЖ нысандары: Фонетика заңдылықтары бойынша музыкалық шығармаларды фонетикалық саласында талдау; Берілген тақырыпқа жоспар құру; Жаттығулар жұмысын орындау; Берілген әдебиеттерді оқу.
III. Бақылау нысаны бойынша жалпы мәліметтер
Аралық бақылау Бақылау жұмысын ауызша немесе жазбаша өткізеді. Аралық бақылаудың болжаулы нысандары: ауызша сұрау (билет бойынша), тест.