Новости
Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 12253
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Друзья сайта

Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

Главная » Файлы » Реферат » Информатика

МӘТІНДІ ӨҢДЕУ
Скачать 26.12.2009, 14:57

МӘТІНДІ ӨҢДЕУ

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..............................................................................................3

1.     СИМВОЛДАРДЫ ФОРМАТТАУ...............................................5

1.1             Қаріптер (Шрифтер).............................................................5

1.2             Қаріптердің негізгі параметрлерін тағайындау..................6    

1.3             «Қаріп» сұқбаттасу терезесін пайдалану............................6

1.4             Мәтіннің астын сызу.............................................................8

1.5             Абзацты форматтау...............................................................9

1.6             Абзацты форматтау тәсілдері.............................................10

1.7             Формат менюінің контекстік менюінің Абзац командасы.............................................................................11

1.8             «Форматтау» - саймандар тақтасының құралдары.............12

1.9             Абзацтарды туралау.............................................................13

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows  жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).

Мәтінді ЭЕМ – де өңдеудің артықшылығы – информацияны өзгерту, көбейту және көшірп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да өзгерістер мәтіннің өзгерілетін шағын бөлігіне ғанга енгізіледі. Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ – нің зердесіне енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей – ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша уақыт өтсе де кез келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.

ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.

Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз орындай алады.

ЭЕМ – де мәтінмен жұмыс істегендей тағы бір жақсы мүмкіндік – ол өзгерістерді кері қайтару, яғни мәтіннің алдыңғы күйлерін қалпына келтіру, өзгерістерді кері қайтарудың көмегімен қателесіп өшірілген жолдарды, абзацтарды және тарауларды қалпына келтіруге, мәтіннің өткен вариантына кері оралуыа болады.

 

СИМВОЛДАРДЫ ФОРМАТТАУ

Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін маңызды деген элементтерді айқындап алып, олардың параметрлерін өзгертуге және кейбір символдарды жоғары, не төменгі индекс ретінде кішірейтілген жазба әріптерімен бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты!!!

Категория: Информатика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2471 | Загрузок: 28 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Пойск


Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2012

Создать сайт бесплатно