Қасиетті Түркі жері - Түркістан - География - Реферат - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған
шығыс жазба деректерініңмәліметтерінде
Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. «Түркістан» атауы жазба дерек
мәліметтеріндеҮІІІ-ІХ ғасырлардан
бастап кездесе бастайды да, парсы тілінде «Түркілер елі» деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ-ІХ ғасырларда
араб-парсытарихшылары қолданды да, оған
барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. ІХ ғасырдағы араб
географы Ибн Хордабек«Китаб ал-масалик
уа ал-мамлмк» атты еңбегінде: «Мервтен екі жол шығады, бірі Шашқа және түркі
еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға апарады» деп жазса, оның замандасы,
тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді.Ол өзінің «Китаб ал-булдан» атты шығармасының
бір тарауын «Түркістан» деп атап: «Барлық түркі елдері Хорасан мен және
Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға
бөлінеді», дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады.Осылайша, Түркістан атауы ІХ –Хғасырлардан бастап этно-географиялық мәнге ие
болады да, кең түрде қолданыла бастайды. [1. 12-б]
ХІ ғасырдатүркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмуд
Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» атты кітабында бұл атауды жиі қолданады.Кітаптың«Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау- теңіздері» деген тарауында
М.Қашқари: «Кейбіреулер бүкіл Мауреннахрды Түркі елі деп те есептейді. Ол
Янкикенттен басталады. Қазір Түркі
елінің шекарасы Абискүн /Каспи/ теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзкенттен Шынға
/Қытайға/ дейін сщзылады. Ұызындығы сегіз мың персех»,- деп баяндайды.
Монғол
шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан-шығыста-Қытаймен, батыста-Каспий теңізінің шығыс және
солтүстік жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте-Хорасанмен шектесіп
жатқан орасан зор аймақ болыпсаналады.
Бұны Түркістан атауының кең мағынада қолдануы деуге болады.
Академик В.В.
Бартольд түркі тілдес халықтар мен тайпалардың саяси- экономикалық және мәдени
тарихына арналған көптеген зерттеу еңбектерінде Түркістан ұғымына монғол
жаулауына дейінгі араб-парсы тілдерінде жазылған атауды пайдаланады. Ол да
Каспий теңізінен Қытайға дейінгі жерлерді Түркістан дей келе, бұл ұғымның
мәндеріне терең тоқталып өтеді. «Саяси және этнографиялық тұрғыдан қарағанда
Түркістанға Каспий теңізі мен Қытай аралығындағы жерлер жатады, ал
ортағасырлардағы мұсылман авторларыныңтерминологиясы тұрғысынан қарасақ, Түркістан Мауереннахр енбейді», деп
жазады. [1. 15-б]
ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы парсы- тәжік, түркі,
шағатай тілдеріндегі деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне
қарағандабірқатар өзгеріске ұшырайды.
В.В. Бартольдкөрсеткен «Түркістан»атауындағы терминологиялық айырмашылықХІҮ ғасырдан бастап, саяси жағдайға да әсер
етеді. Монғол шапқыншылығына дейінгі Мауереннахр атауыТүркістан ұғымының шеңберінде айтылып келсе,
ХІҮ ғасырдан бері Мауереннахр-тарихи географиялық және саяси аймақ ретінде
Түркістан ұғымынан бөлектенеді. Ал, Түркістан ұғымыныңгеографиялық аумағы анағұрлым кішірейеді. [2.
79-б.]
ХІҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮ ғасырдың І
жартысындаөмір сүрген тарихшы Муйн
ад-дин Натанзи ХІҮ ғасырдың 70-шіжылдарында Мауереннахр мен Дешті Қыпышақта болған тарихи оқиғаларды
баяндай келе, Ақсақ Темірдің Сауран, Отырар және Сығанақ қалаларын Тоқтамыс
ханға сиға бергені жөнінде айтады және де ол осы еңбегінің келесі бір жерінде
жоғарыда айтылған қалалардың бәрін, бір ғана Түркістан атауымен айтады. Осы
кездерден бастап жазба дерек мәліметтерінде Түркістан деп нақты бір аймақ, өлке
немесе уалаят айтыла батайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат неме» атты ХҮІ ғасыр
басындажазылған авторы белгісіз
шығармада «Түркістан уалаяты» деп жазылса,«Фатх-намада» Отырар және Сауран бір сөзбен «Түркістан» деп аталады.Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдың басы мен ортасына
дейінгіжазылған «Шайбани-наме», «Зубдат
ал-асар», «Тарихи Абулхайрхани» секілді шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді
Түркістан деп атайды.«Бадай
ал-вакай», «Тарихи-и рашиди» еңбектерінде Түркістан деп нақты әкімшілік-
географиялық
аймақжазылады. ХҮІІ ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Уәли «Түркістан бұрын қалалары
көп, үлкен ел болған»,- деп түсіндіреді. [1.16-б.]
Сөйтіп, ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан
атауы Сырдария өзенінің бойындағы әкімшілікаймаққа ғана қолданылған.Ал ХҮІІІ
ғасырдың ортасынан бастап Түркістан деп Сырдария өзенінің бойындағы жеке бір
қала айтыла бастайды. Бұл туралы Махмуд ибн Уәли: «казір Түркістан-Сақси
қаласы,жергідікті халық оны Иассы деп
атайды»,- деп жазады.
Жалпы, Түркістан атауының ҮІІІ-ХҮІІІ
ғасырлардағықолданылуы тарихына
қарасақ, ірісаясиөзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп отырған.
Ортағасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізуге болады.
1-ҮІІІ-ХІІғасырларда түркі тілдес
тайпалардыңмекендеген жалпы аймағы
жатады. 2- ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер, 3- ХҮІІІ
ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы енген.
Біз екінші мәнді қолданамыз. Себебі, ХҮ
ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Түркістанаймағы, яғни Сырдария өзенініңорта
ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер Қазақ хандығы менМауереннахр арасындағы саяси қарым-
қатынастың негізгі өзекті мәселесінеайналды.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректер
мәліметтері Түркістан аймағының алып жатқан жерін, шекарасын анықтауға
мүмкіндік береді. К.А.Пищулина ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректерге сүйене
отырып, Түркістан деп Сырдария өзенінің орта ағысы бойын, дәлірек айтсақ,өзеннің сол жағалауындағы кең жазық даланы
айтады.
«Түркістан аймағы оңтүстік-шығыста Шыршық
жәнеБадам су айрықтарындағыжазықтармен, солтүстік- шығыста Қаратаудыңтаулы жоталарымен шектеседі», -депанықтай түседіК.А.Пищулина. Алархеолог К.М.Байпақов Түркістан аймағына
Оңтүстік Қазақстанныңедәуір бөлігін
және талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияныңорта белі менқаратау баурайларынтүгел
қамтитын үлкенаймақты жатқызып, К.А.Пищулинаның
ойын оңтүстік-шығыс бағытта кеңейте түседі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы деректерде Түркістан
аймағының шекаралары анық көрсетіледі.Түркістан аймағыныңсолтүстігіндегі
жерлердегі Дешті Қыпшақтың оңтүстік далаларымен, оңтүстіктегі жерлерді
Мауереннахрдың солтүстік иеліктерімен, шығысындағы жерлерді моғолстанның батыс
иеліктерімен бірде- бір зерттеушішатастырмайды. Түркістан аймағыныңең оңтүстігіндегі қамалы Аркукболып саналады,«Аркук...Түркістанға кіре берер жердеорналасқан қамал», -дей келе, «Ол
Түркістанның шекаралық тірек пункті, бұхара мен самарқанд жақтан Түркістан
аймағына қарай жолға шыққандар ең бірінші осы қамалға келіп жетеді», -деп, ХҮІ
ғасыр басында одан әрі толықтыра түседі.
Ал Түркістан аймағының солтүстігіндегі
орналасқан қалаға «Михман наме-йи Бұхара» авторысығанақ қаласын жатқызады. Ол: «Сығанақ
солтүстікке қарай Сейхунға қарама- қарсы биік төбе жатыр. Жұрттың айтуынша бұл
биік төбе Түркістанның ең шеткі және өзбектер /қазақтар/ иелігігің басталар
жері», - деп түсіндіреді. Сондай-ақ «Иассы, Сауран және тағы басқа қалаларды»,
ибн Рузбехан «Түркістанның шығысындағы қамалдар», -деп баяндайды.
Аймақтың оңтүстік –батысбағыттағы шекарасы ұзыннан-ұзақ Сырдариямен
қатар созылып жатқан Қызылқұм құмдарымен шектеледі. Бұл құмды өңір аймақты
оңтүстік бағытта Мауереннахржәне Хорезм
жерлерінен бөліп тұрады. [1. 18-б.]
Сонымен, монғол жаулауы мен одан кейінгі ХІІІ-ХІҮ
ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Мауререннахда болған саяси өзгерістер Сырдария
өзенініңорта ағысы бойы ерекше аймаққа
айналдырды да, оған Түркістан атауы берілді. ХІІІ-ғасырдың соңы мен ХІҮ
ғасырдың басында бұл аймақ Ақ Орданыңсаяси орталығына айналып, Дешті Қыпшақтың өзгеаймақтарымен салыстырғанда экономикалық,
сауда- айырбас, мәдени даму тұрғысынан алғанда анағұрлым жоғары болды. Сол
себепті де ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы авторлар Түркістан аймағынжеке ел деп те, өлке деп те, уалаят деп те
атай берген.
ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан аймағының
гүлденуіне оның қолайлы географиялық орындаорналасуы күшті әсер етті. Географиялық тұрғыдан аймақтерриториясы көшпелі және отырықшы мәдениеттердің
ортасында орналасып, өзінің дамуымен қатар, көшпелі және отырықшы
шаруашылықтардыңсаяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық қарым- қатынастарда дәнекерлік,
байланыстырушы роль атқарды.