Новости
Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 12248
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0
Друзья сайта

Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

Главная » Файлы » Реферат » Әдебиет

Ақындар айтысы
Скачать 17.11.2009, 01:29

Ақындар айтысы

 

Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:

1. Бәдік;

2. Жар-жар;

3. Жануарлар мен адамның айтысы;

4. Өлі мен тірінің айтысы;

5. Жұмбақ айтысы;

6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;

7. Осы күнгі айтыстар.

Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.

 

Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

Атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, М.Горькийдің: "Бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де сөз күші арқылы, "үшкіру", "аруақты шақыру" әдісі арқылы жаратылыстың стихиялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр", – деген сөздерінің "бәдік" жырына тікелей қатысы бар.

Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген. "Үшкіру", "шақыру" арқылы сол іңдеттерден құтылуға болады деп білген.

Малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп "бәдік" айтатын болған.

 

Айт дегенде айтамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емей  немене бір кәдікті,                      

Көш! Көш!

 

Халық елге пәлелі бәдікті сөзбен алдап-арбап, басқа қонысжайға ауыстырмақты, көшірмекті ойлайды. Оған жақсы жайлы қоныс ұсынады. Бәдікке ұсынған қоныстарының бәрі сайлы, қызығарлық.

Бертін келе адамның ойсанасы, білім-танымы есейе, жетіле келе бәдік айтысы діни нанымнан арылып, жаңа сипат алады, мазмұны жаңғыра бастайды. Ол енді жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына айналады, онда әзіл-оспақ басым.

 

        Ж і г і т:

Қаратауым дегенде, Қаратауым,                   

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,               

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл.               

                  

Қ ы з:                                                      

Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,              

Таудан арғы бұлтпенен араласып.               

Енді екеуіміз бәдікті тауып алып,              

Шын құмардан шығалық сабаласып.  

        

Мұнда діни нанымнан туған бәдік мазмұнынан еш нәрсе қалмаған. Өмірге құмартқан жастар әзілі ғана бар.

Жануарлар мен адамның айтысы. Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

 

И е с і:

Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?

Биылғы жыл соғымға сояйын ба?

Биылғы жыл соғымға сойып алып,

Танабайға жаяңды қояйын ба?

 

С и ы р ы:

Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,

Қу шолақты соялық дескеніңде,                              

Қу шолақты соғымға сойып алып,

Бүржекейден көрермін көшкеніңді.

 

Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

 

Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл – бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.

Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Сондықтан жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі.

Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Ақындардың таланты, дүниетану шеңберінің көлеміне қарай, айтқан жұмбағының мағынасы кейде тайыз, кейде терең боп отырады. Кейбір жұмбақтардың шешуіне қарағанда, жасырушының да, шешушінің де әр алуан құбылыстарды көп білетіндігі таңғалдырады.

Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі – Сапарғали мен Нұржан айтысы. Бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан. Сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді. Мысалы:

 

Сапарғали:

Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,         

Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,

Ұшырса, қондырса да еркі адамда

Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.

 

Н ұ р ж а н:

Мысалы жайса зонтик құс секілді,

Тетігі қолда болған іс секілді,

Жауса пана, күн шықса көлеңкесі,   

Достығы бейне сіз бен біз секілді.       

 

Сапарғали жұмбақтап отырған затының жеке детальдарын жақсы білген де, сол деректер арқылы затты жұмбақтаған. Жұмбақты айтушы Сапарғали да, оның шешушісі Нұржан да білгірлік танытқан, өнерлілік көрсеткен.

Жұмбақтау Әсет пен Рысжан, Қожахмет пен Әубәкір айтысында да кездеседі.

Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ойсанасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше.

 

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.

Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.

Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.

Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді. Қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тәрізді күрделі майданға түсу үшін, алдымен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді. Сол айтыстарға түсіп ысылады.

Сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады. Мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді. Көбінесе ұтқырлыққа, сөз тапқырлыққа құрылады.

"Омарқұл мен Тәбияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды. Бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін сөз етеді.

                                                      

Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты!!!

Категория: Әдебиет | Добавил: AgesSa
Просмотров: 8481 | Загрузок: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Пойск


Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2012

Создать сайт бесплатно