Create site free
Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары - Курстық жұмыстар - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости
Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 10662
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Друзья сайта

Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

Главная » Файлы » Курстық жұмыстар

Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары
Скачать 15.11.2009, 20:27

КІРІСПЕ

 

         Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.

         "Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.

         Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.

         Бағалау қызметі ғылыми негізде,оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. КӘСІПОРЫН  ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

I.1.           Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер

Нормативтік база шегіндегі бағалау технологиясының нарықтарында кәсіпорын бизнесін бағалау үш тәсіл бойынша жүргізіледі: нарықтық, табыстық және шығындық

Бизнес- бұл заңды, жеке тұлғалардың нақты қызметі.

     Мұнда заңды тұлға – кәсіпорын, азаматтық құқықтардың объектісі болып табылады да, кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын мүліктік  кешен ретінде қарастырылады.

     Мүліктік кешен жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстарды, машина мен құрал-жабдықтарды, шикізат пен өнімдерді, материалдық емес активтерді және мүліктік міндеттемелерді құрайды.

Бизнесті бағалаудың бірінші концепциясы

Бірінші концепция мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалаумен байланысты.

Кәсіпорын бизнесін бағалау мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалауына әкеледі: нарықтық, табыстық, және шығындық тәсілдерді қолданып, негізгі қаражаттардың мүліктік құқықтар құнының есебінсіз бағалауға болады.

Мұнда, бір-бірінен жекеше бағаланатын (орындық, компьютер, ғимарат, станок, бассейн, жер телімі және т.б.), мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалау жөнінде айтылып отыр. Мүліктік кешеннің құрамдастарын бөлек бағалау, мүліктік кешен жиынтығы түрінде бола алатын қосымша құнды анықтаумен байланысты және олардың кейінгі аккумуляциясын болжамдайды.

Бизнесті бағалаудың екінші концепциясы

Екінші концепция, кәсіпорын бизнесін бағалағандағы пайда болатын қосымша құнның анықталуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

Құқық жүйесі немесе қоржыны кәсіпорынға бизнес жүйе ретінде тауар нарықтарында тиімді бәсекелесуге рұқсат етеді.құқықтар жүйесі немесе қоржыны өзіне мыналарды қосуы қажет:

-                кәсіпкерлік қызметті іске асыратын, кәсіпорынға республикалық және атқарушы жергілікті билік органдары беретін лицензиялардан, сертификаттардан және тағы басқалардан пайда болатын нарықта жұмыс істеу құқығы;

-                кәсіпорынға табыс әкелетін жал құқығы, субжал, кепіл және тағы басқа;

-                бизнес бойынша әріптестердің келісім – шарт жүйелерінен пайда болатын құқықтар(материалдар мен шикізатты жеткізу келісім – шарттарды, тауарлық өнімдерді сатып өткізу келісім – шарттарды және т.б.);

-                кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттерінен пайда болатын құқықтар;

-                материалдық емес активтерді қалыптастыратын артықшылығы бар құқықтар.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері болуы керек:

-                кәсіпорынның мүліктік кешені;

-                кәсіпорынға(фирмаға) нарықтың секторын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны;

-                кәсіпорынның(фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілеттілігі.

Сөйтіп, кәсіпорын(фирма) бизнесін бағалау екі концепцияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші концепция, сатып алу – сату мәміле кезіндегі кәсіпорын(фирма) бизнесінің бағалауын болжайды. Бұл жағдайда бизнестің құны екі құрамдас бөліктерден қалыптасады:мүліктік кешеннің құнынан және материалдық емес активтердің құнын сипаттайтын құнға қосымша бағалануынан.

Екінші концепция, бағалау кезінде тауар нарығындағы бағаланатын сектордың бағалау сыйымдылығын болжайды.

Категория: Курстық жұмыстар | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2088 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск

Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2012

Создать сайт бесплатно