Новости
Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 12253
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Друзья сайта

Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

Главная » Файлы » Курстық жұмыстар

Коммерциялық банктер
Скачать 15.11.2009, 23:34

Жоспар

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

І.  Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.

1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5

1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7

1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12

 

ІІ. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның  қызметтері мен операциялары.

2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау...................18

2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын    талдау......................................................................................................................21

2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтерін бағалау.........................28

 

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.

3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31

3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34

 

Қорытынды............................................................................................................37

 

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

  Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

 

 

- 3 -

 

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын

жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

     Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

-         Коммерциялық банктің мәнін ашу;

-         Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;

-         Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;

-         Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;

-         Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты!!!

Категория: Курстық жұмыстар | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2655 | Загрузок: 105 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
E-mail:
Пароль:
Поиск
Пойск


Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2012

Создать сайт бесплатно