Бағаның құрылысы - Курстық жұмыстар - Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК - Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Рефераттар, Курстық жұмыстар, Диплом, Кітаптар, ЕНТ / ПГК

    Главная » Файлы » Курстық жұмыстар

    Бағаның құрылысы


    Скачать работу



    15.11.2009, 18:25

                                                       Мазмұны:        

     

    1.     Баға құралуының теориялық аспектілері.

    2.     Баға түсінігі және мағынасы.

    3.     Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары.

    4.     Бағаның жіктелуі (класификациясы)

    5.     Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.

     

    Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.

    ·        Баға теориясы;

    ·        Баға жүйесі;

    ·        Баға саясаты;

    Баға құрылу тәсілдері:

    ·        Индуктивті;

    ·        Дедуктивті;

    ·        Диалектикалық

    Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.

    Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.

    Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. 

             Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады:

    ·        Сандық;

    ·        Сапалық;

    Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.

    Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.

    Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.

             Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

    ·        Сұраныс    және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;

    ·         Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;

    ·        Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;

    ·        Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.

    Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.

    Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.

       Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

    ·        Есептік өлшемдік;

    ·        Қайтаүлестіру;

    ·        Ынталандыру;

    ·        Баланыстық / теңестіру;

    ·        Өндірісті орналастыру.

    Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

    Скачать работу

    Категория: Курстық жұмыстар | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 3354 | Загрузок: 50 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016