Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Тәуелсіз
егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып
табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз
валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы
сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін,
бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан
басталды.
Алғашқы
кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары
(1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
·1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік
банкноттар;
·Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10
жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
·2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (
дизайны ішінара өзгертілген ).
2002 жылы :
·2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік
банкноттар;
·1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500
теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы :
·2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000
теңгелік банкноттар.
Республикада
ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да
қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға
сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени - ағарту мақсатында
шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және
Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен
сатуға арналған.
Қазақстан
Республикасының банкноттары
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет
жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай
алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік
нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері
кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек"
монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және
инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған.
Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың
сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір
түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы
бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде
сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада
ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың
мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен,
номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол
жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ
БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және
10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы
екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы
қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының
контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота
номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі
орналастырылған. Жоғары жақта ортада "Қазақстан ұлттық банкі" деген
жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты
қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан
қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым
күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000
теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000
және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір
қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда
арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ
саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін
саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен
танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің
түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.
Банкноталарда
мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер.
Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін
қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп. Бір
қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып
қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны
жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып
пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын.
Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы
сурет.
Қосарланған бейнелер.
Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері,
жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз
жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі,
түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.