Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта
мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең)
1-бөлiм. Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары
Мазмұны
Кiрiспе
1. 2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуы және 2007-2009 жылдары ел
экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi
2. 2003-2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және 2007-2009
жылдары ел экономикасының дамуына iшкi факторлардың әсерi
3. Елдi дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мақсаттары, мiндеттерi және
басымдықтары
4. Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуiн қамтамасыз
ету үшiн экономика салаларындағы серпiлiстi бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз
ету
& 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсiптiң дамуы
Тау-кен өндiру өнеркәсiбi
Өңдеушi өнеркәсiп
Электр энергетикасы саласын
дамыту
& 2. Көлiк-коммуникациялық кешен
& 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсiптiк кешендi
дамыту
& 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты
5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуiн қамтамасыз ету
үшiн экономиканы мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру
& 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық
орнықтылықты қамтамасыз ету
Орнықты экономикалық өсу
Ақша-кредит саясаты
Қаржы секторын дамыту
& 2. Экономиканы мемлекеттiк басқару
Фискалдық саясат
& 3. Инвестициялық саясат
& 4. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз
алу мен борышты басқару саласындағы саясат
Мемлекеттiк активтердi басқару
және жекешелендiру
& 5. Кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған мемлекеттiк
саясатты жетiлдiру
Бәсекелестiктi дамыту және
монополияға қарсы саясат
Тариф саясаты
Техникалық реттеу және
патенттер жүйесiн дамыту
Сыртқы экономикалық қызмет және
ДСҰ-ға кiру
Шағын және орта бизнестi дамыту
Кәсiби Үкiмет
6. Аумақтық даму
7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтiк саясат және адами капиталды дамыту
& 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтiк
даму
Демографиялық және көшi-қон
саясаты
Кедейлiк пен жұмыссыздықты
азайту
Халықты әлеуметтiк
қамсыздандыру
& 2. Бiлiм беру және 2007-2009 жылдарға кадрлар
даярлау
& 3. Денсаулық сақтау
& 4. 2007-2009 жылдары мәдениеттi, ақпарат пен
спортты дамыту
& 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлiк даму
& 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты
& 7. Табыс саясаты
& 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және
табиғат пайдалану
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi
жоспары (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы
N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк
дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес
әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай
2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және
мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы
iс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған
мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын
дамыту саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу
жолдары Жоспарда айқындалады.
1. 2005-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуы және
2007 - 2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы
факторлардың әсерi
2005 жылы әлемдiк экономикада мұнайға
бағаның жоғары қарқынмен өсуiмен және нәтижесiнде дамыған елдердегi инфляциялық
күтiлiмдердiң өсуiмен қатар жүретiн тұтастай экономикалық өрлеу жағдайы
қалыптасты.
Әлемдiк экономиканың өсу қарқыны 2005 жылдың
қорытындылары бойынша тұтастай алғанда жеткiлiктi жоғары деңгейде сақталды, дегенмен,
2004 жылғы рекордтық қарқыннан төмен болды және ХВҚ-ның бағалауы бойынша 4,8
%-ды құрады. ХВҚ-ның бағалауы бойынша 2005 жылы Қытайдың ЖIӨ-нiң өсуi 9 %-ды,
АҚШ-тiкi - 3,5 %-ды, Жапонияныкi - 2 %-ды, Еуроаймақтiкi - 1,2 %-ды құрады.
Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша
әлемдiк сауданың көлемi 2005 жылы 7 %-ға өстi.
2005 жылы мұнай және металдар нарығы сенiмдi
жоғары қарқынды көрсеттi. Геосаяси тартыс және Қытай мен АҚШ тарапынан
сұраныстың жедел өсуi мұнай бағасы артуының алғышарты болып табылды.
Дүниежүзiлiк Банктiң деректерi бойынша 2005 жылы
"Brent" маркалы мұнайдың әлемдiк орташа бағасы бiр баррель үшiн 54,43
АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 42,1 %-ға жоғары, ал мыс
28,4 %-ға ұлғайды және бiр тоннасы 3679 долларды құрады, қорғасынның орташа
жылдық құны бiр тоннасы үшiн 975,3 доллар деңгейiнде қалыптасты, бұл ретте,
кезеңнiң соңында баға жылдың басына қатысты 16,5 %-ға ұлғайды. Мырыштың орташа
бағасы бiр тоннасы 1380 долларды құрады және жылдың iшiнде 45,2 %-ға ұлғайды.
2004 жылмен салыстырғанда алюминийдiң орташа жылдық бағасы 10 %-ға төмендедi
және бiр тоннасы үшiн 1897,4 долларды құрады. JP Morgan деректерiне сәйкес
глиноземнiң бағасы оны өндiрудiң төмен қарқынына және жоғары сұранысқа
байланысты рекордқа жеттi.
2006 жылы 2005 жылдың позитивтiк үрдiстерiнiң
болуына қарамастан әлемдiк экономиканың өсу қарқынына терiс әсер ететiн екi
фактордың әрекетi жалғасуда. Оларға мұнайға бағалардың өсуi және 2005 жылдың
соңында жаңарған әлемдiк басқа валюталарға қатысы бойынша, алдымен евроға
қатысы бойынша АҚШ долларының әлсiреуi жатады. Жоғарыда келтiрiлген факторларға
қоса, бiрқатар елдердiң, бiрiншi кезекте АҚШ пен Еуропаның орталық банктерiнiң
ақша-кредит саясатын қатаңдату жалғасуы мүмкiн. ХВҚ 2006 және 2007 жылдары
әлемдiк экономиканың өсу қарқынын 2005 жылғы деңгейде (тиiсiнше 4,9 және 4,7 %)
бағалап отыр.
Әлемдiк экономиканың дамуы, оның iшiнде Қытайда,
АҚШ пен ЕО-да, сондай-ақ негiзгi тауар нарығында қалыптасып отырған
экономикалық жағдай әртүрлi халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдық бағалауы
тұтастай алғанда сұраныс пен әлемдiк бағалардың деңгейi қазақстандық экспорттың
негiзгi тауар ұстанымдарына сақталып отырғанын көрсеттi. Мұнай. Егер бұрын мұнай нарығындағы
жағдай негiзiнен мұнайдың ұсынысына тәуелдi болса, таяу уақытта керiсiнше мұнай
бағасы осы шикiзатқа сұраныстан айқындалады.
ОПЕК-тiң пiкiрi бойынша шикiзатқа рекордтық
жоғары бағаларға қарамастан, мұнайға әлемдiк сұраныс 2005 жылмен салыстырғанда
2006 жылы 1,9 %-ға өседi және күнiне орташа 84,9 млн. баррельдi құрайды.
ОПЕК-тiң бағалауы Халықаралық энергетика агенттiгiнiң (ХЭА) болжамдарымен
сәйкес келедi. ХЭА деректерiне сәйкес әлемдегi шикi мұнайды тұтыну 2006 жылы
2,2 %-ға немесе күнiне 1,79 млн. баррельге өседi және күнiне орташа 85,18 млн.
баррельдi құрайды.
2006 жылы барынша жоғары сұраныс АҚШ, Қытай және
Үндiстан тарапынан байқалуда. 2006 жылы Қытайдың сұранысы белсендi экономикалық
өсуге байланысты 6,1 %-ға өседi.
ОПЕК болжамы бойынша 2006 жылы ОПЕК
"себетiнiң" мұнайға бағасы бiр баррелi үшiн 45-55 доллар деңгейiнде
сақталады.
ХЭА сарапшылары орта мерзiмдi перспективада
мұнайға баға бiр баррель үшiн 60 доллар деңгейiнде қалады деп жоспарлап отыр.
Fitch WTI маркалы мұнайға орташа бағаны 2006
жылы бiр баррель үшiн 67 доллар деңгейiнде болжап отыр. 2007 жылдан бастап,
егер Азиядағы тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятын жағдайда мұнайға бағаның
бiрқатар төмендеуi, сондай-ақ бүкiл дүние жүзi бойынша жаңа қуаттар енгiзiлуi
мүмкiн. Мыс. Қалыптасқан және әлеуеттi
жағдайды есепке ала отырып жасалған JP Morgan рейтингiлiк агенттiгiнiң болжамы
бойынша, 2007 - 2008 жылдары мыстың құны бiр тоннасы үшiн 2400 доллардан төмен
түспейдi.
Әлемдегi iрi мыс өндiрушi Codelco компаниясының
талдаушылары осы металға бағаның дүние жүзiне шығару көлемiнiң өсуiне
байланысты алдағы үш жыл iшiнде үштен бiрге төмендеуiн болжап отыр. Осылайша,
2006 жылы мыс запастарының айтарлықтай көп емес артуы байқалып отыр. Мыстың
құны 2008 жылға қарай ең төменгi шегi бiр тоннасы үшiн 2500 долларға жетедi. Қорғасын. ILZSG қорғасын мен
мырышты зерттеу жөнiндегi халықаралық топтың деректерi бойынша, әлемдегi
мырышты тұтыну 6,9 млн. тоннаға бағалануда.
Societe Generale талдаушыларының болжамы бойынша
қорғасын бағасы осы металға Қытай тарапынан тұрақты сұраныстың нәтижесiнде 2006
жылы тарихи ең жоғары шегiне жетедi. 2010 жылға қарай қорғасынды бүкiл дүние
жүзiлiк тұтынудағы Қытайдың үлесi 21 %-ды құрайды. Сонымен бiрге, қорғасынды
жалпы әлемдiк тұтынудағы Батыс Еуропа елдерi мен АҚШ-тың үлесi 1996 жылғы
56%-дан 2010 жылғы 42%-ға дейiн қысқарады. Мырыш. ILZSG қорғасын мен
мырышты зерттеу жөнiндегi халықаралық топтың ақпараты бойынша мырыштың
тапшылығы 2006 жылы 430 мың тоннаны құрайды, 2007 жылы 300 мың тоннаға дейiн
азаяды және 2008 жылы ғана концентратты жеткiзу мен тұтыну теңеседi.
Австралиядағы ең iрi Macguarie Bank Ltd
банкiсiнiң талдаушылары мырыш жалатылған болат табаққа тұтыну сұранысының өсуi
нәтижесiнде мырыштың құны 2006 жылы ұлғаюы мүмкiн. Тау-кен өндiру қызмет саласындағы
жаңа жобалардың жетiспеуi металға әлемдiк сұраныстың өсуiмен бетпе-бет келедi.
Алайда, ABN Amro талдаушылары мырыш құнының
төмендеуiн болжап отыр, өйткенi Mittal Steel Co. және Arcelor SA сияқты болат
құю компаниялар өндiрiс көлемiн қысқартып отыр.