Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз...
Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр...
Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз....
Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Абай даңғылыК.
Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа,
Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан,
М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов
көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280,6 м.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны,
философ, ағартушы, композитор. Абай бала кезінен елдегі шешен, ақын,
ертегішілердің әңгімелерін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен
ерекшеленген. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына
сіңірген ол қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің
дамуына үлкен ықпал жасады. Оның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы
дүние жүзіне тарады.
Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі,
Астана қаласы әкімдігі, ақынның ескерткіші, «Окан Интерконтиненталь Астана» қонақүйі, «Мегаспорт» сауда үйі, «Жаннұр» сауда
орталығы орналасқан.
Абылай хан даңғылы
Абылай хан даңғылы
Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана тасжолына дейін жалғаcады. Ол
І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Арқайым,
Бурабай, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4928,1 м.
Абылай хан (1711-1781) – ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақтың даңқты ханы. Абылайдың шын есімі –
Әбілмансұр. Жасынан Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал
етті. Қазақ даласының даналығын бойына жинап, ақыл-парасатымен, ел билеу қабілетімен
дараланған Төле би қазақ халқы анталаған жауға басы біріксе ғана тойтарыс бере
алатынын жас баланың санасына ұялата білді. 1730-1733 жылдар аралығында болған
бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры,
қоңтажы Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. Атасының аруағын шақырып, жауға
«Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Оның
есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Бұл даңғылда «Әділ» дүкені, «Сұлтан Бейбарыс»
мейрамханасы, «Гүлжан» сауда үйі, «Мирас» мектебі,Республикалық клиникалық аурухана, Ұлттық
ғылыми медицина орталығыорналасқан.
Б. Момышұлы даңғылы
Бұрынғы атауы –
13-магистральды автожолы. Б.Момышұлы даңғылы Сарайшық көшесінен басталып, Абылай
хан даңғылында аяқталады. М.Жұмабаев, Манас даңғылдарын және Қызыларай,
Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді.Ұзындығы – 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы(1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек
қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол
1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған316-атқыштар дивизиясы
құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы
соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа
шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс
тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы
шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын
жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде
жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен
жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл даңғылда
«Астанаэнергосбыт» мекемесі, «Тұран» мейрамхана кешені, «Меруерт» бизнес
орталығы орналасқан.
Бөгенбай батыр даңғылы
Бөгенбай батыр даңғылы
Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және
Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов,
Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі
жолындағы күрескер, XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол
бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорғаны»
баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы
азаттық күресінің ұйытқысы болды.
Бұл даңғылда Бөгенбай батырдың ескерткіші,
«НұрБанк» ғимараты, М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, №7 мамандандырылған
мектеп, «Шапағат» коммуналдық базарыорналасқан.
Жеңіс даңғылы
Бұрынғы атауы – Победа даңғылы. Жеңіс даңғылы Т.Рысқұлов көшесінен
басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын
және Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Мәскеу, Ә.Молдағұлова,
Ы.Алтынсарин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3304,4 м.
Жеңіс – қырғын соғыста жауды
жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Кеңес Одағы 1945 жылы
Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы шығып, жеңіске жетті.
Германияның негізгі мақсаты – Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді.
Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғары командованиесінің өкілдері
Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды.
Бұл даңғылда ҚР Қаржы министрлігі,
Қазақ ұлттық музыка академиясы, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы,
С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет орналасқан.
Қабанбай батыр даңғылы
Қабанбай батыр даңғылы Достық, Тәуелсіздік, Сарайшық, С.Қожанұлы, Атасу, Қорғалжын тасжолы мен Қалқаман
көшесін қиып өтіп, А.Бараев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 16093 м.
Қабанбай батыр(1692-1770)
– қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы, даңқты батыр. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл.
Жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Қазақ
халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты
қолбасшы ретінде аты шыққан. 1730 жылы
Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін, Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға
қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Шыңғыстаудағы Шаған
шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанады.
Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың
кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Астаналық цирк»,
«Салтанат сарайы»орналасқан.
М. Жұмабаев даңғылы
Бұрынғы атауы –
М.Жұмабаев көшесі және №1 даңғыл. М.Жұмабаев даңғылыАбылай хан
даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Б.Момышұлы даңғылын және Қажымұқан,
М.Төлебаев, Сұлутөбе, Талғар, Обаған, Жанкент, Балқантау, Таскескен көшелерін
қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев(1893-1938) – Алаш қозғалысының
қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Медреседе оқып, Шығыс
халықтарының тарихын, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Низами секілді шығыс ақындарының
дастандарын оқып үйренеді. 1912 жылы Қазанда ақынның «Шолпан» атты тұңғыш
өлеңдер жинағы басылып шығады. Ақын Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
секілді Алаш қайраткерлерімен бірге «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялап
отырады.
М. Жұмабаев
«Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Түркістан» т.б. өлеңдердің
және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты дастандардың авторы.
Бұл
даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, «Арасан» демалыс орталығы, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан.
Манас даңғылы
Манас даңғылыЖ.Тәшенов көшесінен басталып, Қажымұқан, Б.Майлин, Б.Момышұлы даңғылын,
Майқайың, Құндызды, Шертер, Ақыртас, Қарасаз көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1095,8 м.
Манас – қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың
негізгі идеясы – халық бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық
күрес.
Бұл
даңғылда ҚР Ішкі істер министрлігі,«Толқын» спорт кешені,«Отан Ана» монументі, «Арыс»
қонақүйі, «Данияр» қонақүйі,«ТұранӘлемБанк» орналасқан.
Н. Тілендиев даңғылы
Н.Тілендиев даңғылыБаршын,Ұлытау,Қайнар, Сарыөзен, Көктал, Д.Бабатайұлы, Шұғыла, Атбасар,
Ш.Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы
– 15926,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы
Тілендиев(1925-1998)
– аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбырашы. ҚазКСР-нің және КСРО-ның
халық әртісі, ҚазАСР-іМемлекеттік
сыйлығының лауреаты,Қазақстанның
«Халық қаһарманы».
Бұл даңғылда «Қамқор» техникалық қызмет көрсету орталығы, «Эталон»
құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спортмектебі, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.
Республика
даңғылы
Республика даңғылыЖ.Тәшенов көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде
аяқталады. Абай, Бөгенбай
батыр даңғылдарын және Ә.Ысмайылов, Жәнібек тархан, Ағыбай батыр, А.Иманов,
Кенесары, Отырар, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ы.Дүкенұлы, Ә.Молдағұлова,
І.Есенберлин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы
– 4159 м.
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығында
орналасқан мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық
маңызы бар 2 қаладан тұрады. Ұлттық валютасы – теңге.
Бұл даңғылда Қазіргі заманғы өнер мұражайы, ҚР Президенттік мәдениет
орталығы, «Абай» қонақүйі, «Жастар» сарайы орналасқан.
Сарыарқа даңғылы
Сарыарқа даңғылы Шығанақ көшесінен басталып,
Бестерек көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары,
Т.Бигелдинов, Ә.Әлімжанов, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып
өтеді. Ұзындығы – 3191,5 м.
Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін
алып жатқан ұлан-ғайыр өлке. Батыс бөлігі Торғай ойпаттарынан басталып, шығыс
бөлігі Тарбағатай тауына дейін 1200 шақырымға созылып жатыр.
Бұлдаңғылда«Хабар» телекомпаниясы, «Астана» спорт кешені, Қазақ Мемлекеттік
медицина академиясыорналасқан.
Тұран
даңғылы
Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы (Есіл өзенінен кейінгі жалғасы). Тұран
даңғылыДостық көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Тәуелсіздік,
Ақбаян, Қорғалжын тасжолын қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0
м.
Тұран – Түркістан
өлкесінің көне атауы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін
«Алып Ер Тұңға» атты дастан дүниеге келген. VІ ғасырдан бастап «Тұран» сөзі
түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған.
Бұл
даңғылда «Хан шатыры», «Бақыт» неке сарайы, «Каспий» спорттық-сауықтыру
кешеніорналасқан.
Ш. Құдайбердіұлы даңғылы
Бұрынғы атауы – Абай
даңғылы (көпірден кейінгі жалғасы).
Ш. Құдайбердіұлы даңғылыА.Пушкин көшесінен
басталып, 12-магистральда
аяқталады. І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов көшелерін қиып
өтеді. Ұзындығы – 2602 м.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ұлы ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып,
Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Шәкәрім – қазақ поэзиясында оның
философиялық саласын дамытқан ақын. Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр»,
«Еңлік-Кебек» дастандары мен «Айсұлу-Нартай» поэмасын жазды. Сонымен қатар
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты еңбектерін
жарыққа шығарды.
Бұл даңғылда «Жаңаарқа» кинотеатры, «Мастер»
құрылыс заттарының орталығы орналасқан.