Қазақша рефераттар, Рефераты на казахском - Скачать диплом
Новости



Сайт туралы
Құрметті де қадірменді сайтымыздың қонағы біз сіздің назарыңызға тегін рефераттар, тегін курстық жұмыстар, тегін диплом және де тегін әзіл ертегілерді ұсынамыз... Сайтымыздағы рефераттар саны күннен күнге өсіп келе жатыр... Тегін рефераттар биология, экономика, ән, қазақ әдебиеті, казақ тілі, орыс тілі, шет тілі, ағылшын, философия, өнер, тарих, экономика, информатика, дінтану, география пәндерінен рефераттар саламыз.... Назар қойып оқығандарыңызға рахмет!
Наш опрос
Сізге қай ел ұнайды?
Всего ответов: 18059
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Друзья сайта
  • Скачать диплом

    Азаматтық қоғамды нығайту бағытындағы саяси партиялардың қызметі деп аталатын тақырыпшасында Қазақстандағы ашық қоғам құру мен демократиялық, әлеуметтік мемлекет қалыптастырудағы саяси партиялардың қызметі қарастырылған.

    Қазақстан Республикасында тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас, ұлттық бірігу бағытындағы жұмыстар – Президент, Парламент, басқару ұйымдары, сонымен қатар мемлекеттік органдардың көмегімен іске асуда. Осы тұрақтылықты сақтап қалуда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер зор үлесін қосуда. Осы жерде ерекше атап кетуге болатын саяси партиялардың жұмысы. Олардың мақсаты - қоғамның түрлі деңгейдегі адамдарының әлеуметтік жағдайы мен өмірден туындайтын түрлі  мәселелерін шешу, азаматтарды қоғамды басқаруға тартудың кешенді шараларын жүргізу.

    Ұлттық бірігу ұлттық бірлестікті нығайтудың нәтижесінде ғана болады, осы жерде бұл процесске саяси партиялар өз ықпалын тигізеді. Шын мәнінде, саяси партиялар, қоғамның түрлі топтарының қызығушылықтарын айқындай отырып, қоғам мен мемлекет арасында дәнекер болып табылады. Олар әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап қана қоймай, сол мүдделердің қалыптасуында үлкен роль ойнайды. Олар біріктіру функциясын атқарып, Қазақша дипломдық жұмыстар қоғамдағы түрлі адамдарды ортақ топтарға біріктіріп, қоғамдағы түрлі қарама-қайшылықтар мен дау-дамайларды шешуде зор үлестерін қосады. Бұған Нұр-Отан ХДП биліктегі қызметі дәлел бола алады.

    Қазақстандағы транссформациялық логиканың өзгеруі, саяси партиялардың қызметі мазмұны өзгеруінің негізі болады. Партиялар идеологиясы Қазақстандық қоғамның ұлттық ұйуы мен модернизациясына әсер етті. Түрлі әлеуметтік, этникалық мүдделерді партиялар мемлекеттік саясат деңгейіне көтере алды.   

    Басқарушы билік саяси партиялар қызметін өрістетуге бағытталған саясат ұстанды. Қазақстанда саяси партияны құру жән тіркеу қиындық соқтырмайтын болды. Бұрынғы «Саяси партиялар туралы» Заңға түзетулер енгізу оны тіркеуге қажетті саяси партия қатарына қатысушылардың санының азаюына әкеледі. Сандық көрсеткіш 50 мыңнан 40 мыңға, сәйкесінше ұйымдық көрсеткіш 700-ден 600  адамға азаяды. Бұдан басқа, партияның мемлекеттік тіркелуі үшін қажетті құжатты өткізу екі айдан төрт айға дейін ұзартылды.

    «Саяси партиялар туралы заңға» түзетулер саяси партияларды тіркеуді оңтайландырады.  Ал өзгертілген «Сайлау туралы Заң» заң шығарушылық қызмет арқылы партиялық жүйенің нығаюына жағдай жасайды. Осындай саяси ұстанымдар тиімділігі туралы президент Н.Назарбаев ҚР Парламентінің кезекті ІІ сессиясының ашылуында айтты. Азаматтық қоғам құрылысын күшейтуде отандық «ноу-хоуға» республика парламентінде «Нұр Отан» ХДП ұлықтау, көптеген қазақстандықтардың таңдауын бейнелейді, сондықтан үкімет онымен санасуы қаже болды. Ашық қоғамның идеалы көппартиялық бірпартиялы жүйені ығыстыруда. Сайлау туралы заңдарда партияның төменгі палатаға –мәжіліске өтуі үшін жеті пайыздық тосқауыл қойылады. Кейінірек бұл көрсеткіш 5 пайызға түсті. Депутат мандатына  көп дауыс жинаған саяси партия өтетін болды. Осылайша саяси партияларда заң шығару үдерісіне енуге, заң жобаларына қатысуға және шешім қабылдауға нақты ұмтылыс пайда болады. Қазақстандық саяси ахуалдан туған ерекшеліктер халықаралық партиялық құрылыс стандарттарын жоққа шығармады. Саяси жүйенің жетілуі елімізге экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өркендеуіне жаңа ұмтылыс берді. Осындай новациялар Казақстан азаматтарының еркіндігі мен негізгі құқықтарын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін көтереді.

    Диссертацияның «Қазақстандағы жаңару мен демократияландырудың негізгі бағыттары» деп аталатын 4-тарауында еліміздегі қоғамды демократияландыру  аясындағы саяси жаңартудың негізгі бағыттары талданады.

    Осы тараудың 4.1 Транзитті кезеңдегі демократиялық қайта құрулардың даму динамикасы деп аталатын тақырыпшасында тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, Қазақстанда дамудың жаңа түріне өту мәселесі зерттелген. Қазақстанның тоталитаризмнен саяси модернизациялауға өтудегі кедергілер мен қиыншылықтар, саяси жүйедегі әлеуметтік құбылыстарға талдау жасалынған. 1991-1996 жылдар арасындағы терең және ұзақ экономикалық дағлдарыс салдарларын жеңу, тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму аймағына өтуі ұзақ мерзімге белгіленген мақсатпен анықталуы тиіс екендігі дәлелденді. Ұзақ мерзімге белгіленген стратегиялық міндеттерді шешудің тәуелсіздік курсының сабақтастығын сақтауда, бұл қоғамның саяси жүйесін және саяси келісімін нығайтуда маңызды. Мемлекеттік биліктің саяси плюрализмді қолдауы партия әрекеттеріне және қозғалыстарына көмектесті. Бұл барлық қазақстандықтардың құқығының теңдігінің негізінде ұлтаралық келісімді сақтауда маңызды.

    Реформаның экономикалық блогіне қатысты Президент бірінші кезекте бағаны либерализациялау, қаржылық сауықтандыру, жекешелендіру, нарықтық инфраструктура, жекеменшіктің барлық формасынның теңдігі,  кәсіпкерліктің дамуы, шетел инвестициясының тарту шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік басымдықтар: Қаржылық және материалды мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, біз әлеуметтік қорғаусыз тұрғындарға белгілі курс жүргіземіз: пенсионерлерге, мүгедектерге, жетідерге, көп балалы отбасыларына, оқушыларына. Табиғи ресурстарды, экологиялық бағдарламаларды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеріп пайдалануға көп көңіл бөлу қажет.

    Форма входа
    Поиск
    Пойск


    Copyright MyCorp SiteMap  SiteMap №2© 2016